Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада хоккейшілер матч кезінде төбелесіп қалды

Астанада хоккейшілер матч кезінде төбелесіп қалды

Астанада өтіп жатқан ҚХЛ матчында хоккейшілер төбелесіп қалды.

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.
Астанада «Барыс» пен «Лада» хоккей командалары кездесіп, ойын өткізді.
Ойынның жетінші минутында «Барыстың» қорғаушысы Александр Липинға күш көрсетілді. Мұнан кейін командалар арасында төбелес орын алды.
Өз кезегінде тәртіп бұзған ойыншылар жазаланды.
Ойын нәтижесі бойынша «Барыс» хоккей командасы өз айдыныда 4:3 есебімен жеңіске жетті.
21 қаңтар 2018 ж. 1 035 0