Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Канело» күтпеген мәлімдеме жасады

«Канело» күтпеген мәлімдеме жасады

Мексикалық боксшы Сауль Альварес «Канело» клэнбутерол үшін алты айға спорттан шеттетілгеннен кейін көп нәрседен сақтанып жүретінін мойындады.

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Басымнан өткен жағдайдан кейін көптеген сақтық шараларын қолданамын. Шынында да, қазір барынша сақ болып жүрмін. Бұл орайда мен тым шектен шыққан сияқтымын», – дейді Канело.
Альварестің спорттан уақытша шеттетілу уақыты 17 тамызда аяқталды. Енді ол 15 қыркүйекте Геннадий Головкинмен кездесу үшін рингке оралады. Олардың алғашқы жекпе-жектері өткен жылы қыркүйек айында Лас-Вегаста өткен және сол күнгі айқаста екі боксшы да тең түскен болатын.
/stan.kz/
20 тамыз 2018 ж. 1 794 0