Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкиннің бапкері жекпе-жектен соң ел күтпеген мәлімдеме жасады

Головкиннің бапкері жекпе-жектен соң ел күтпеген мәлімдеме жасады

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің айқасынан соң Абель Санчес ойын айтты.

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Не себепті «Канело» бірінші айқаста өз қалауынша жұдырықтасты? Біз бапкер ретінде өз жұмысымызды істейміз. Геймплан құрып, жаттығуға барлық мүмкіндік жасаймыз. Бірақ олар алаңға шыққанда өзіне ненің қолайлы екенін байқайды. Біз оларды өзіміз қалағандай істеуге мәжбүрлей алмаймыз. Мен Чепоның Канелоның бірінші айқастағыдай айқасуын қаламағанына сенімдімін. Бұл жолы Геннадий мен қалағандай айқасқысы келмеген шығар. Спортшылар рингке шыққанда өзіне не қолайлы екенін, қалай төбелесуге болатыны өздері ыңғайлайды. Гена қарсыласының ығында күрескенді жөн көрді. Ол жақсы орындап шықты», – деді бапкері.
Айта кетейік, кеше Геннадий Головкин Сауль Алварестен жеңілді. Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Төрешілер Альваресті жеңімпаз деп таныды.
Stan.kz
17 қыркүйек 2018 ж. 1 930 0