Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегін Ресейде өткізбек

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегін Ресейде өткізбек

Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Умар Кремлев Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекті Ресейде өткізгісі келетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Чемпионат” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.


“Геннадийге қарымта кездесуге қол жеткізу керек. Соңына дейін бару керек. Үшінші ретте Головкин оны құлатады деп ойлаймын. Бұл жекпе-жектің Ресейде өткенін қалаймын. Бұл туралы Геннадийге ұсыныс жасамақ ойым бар.
Келер жылы бокс форумы болады. Форумның соңғы күніне Головкиннің жекпе-жегін қойсақ дейміз. Ойланып, ақылдасып, мүмкін келісерміз”, – дейді Кремлев.
Оның айтуынша, форум маусым айында өтуі мүмкін.
“Анық-қанығын кейін жариялайтын боламын. Оны өткізетін аймақты әлі таңдаған жоқпыз. Жақын арада болатын конференцияда жариялаймыз деп ойлаймын”, – деп атап өтті Кремлев.
Stan.kz
29 қыркүйек 2018 ж. 1 622 0