Геннадий Головкин: Кездесу төрешілер шешіміне жетпей аяқталуы мүмкін

«Алдағы жекпе-жектің қалай аяқталатынын нақты болжау өте қиын. Нокаут болуы әбден ықтимал. Екеуміз де шайқасты төрешілер шешіміне жеткізбеуге тырысамыз. Өйткені ол да, мен де қарсыласқа қысым көрсеткенді жақсы көреміз. Стилі ұқсас боксшылар санатынанбыз. Біздің осы стиліміз кездесудің тартысты өтуіне септігін тигізетіні даусыз», дейді қазақстандық боксшы өз ойымен бөлісіп.