«Қайсар» кезекті жеңісіне қол жеткізді

Қасқырлар ойынның алғашқы бөлігін ширақ бастап, кездесудің 15-минутында есеп ашты. Алаң иелерінің қорғаушысы Аян Құлмағанбетовке қарсы тәртіп бұзып, төреші 11-метрлік айып добын белгіледі. Нүктеге келген Мамаду Диалло мүлт кетпей, «Қайсарды» алға шығарды.
Матчтың екінші жартысында алаң иелері есепті теңестіруге мүмкіндік алды. Алайда ойынға тыңнан қосылған Елжас Алтынбеков 80-минутта гол соғып, «Қайсарға» жеңіс сыйлады.
kyzylorda-news.kz