Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шавкат Рахмонов UFC-де төртінші рет жеңіске жетті

Шавкат Рахмонов UFC-де төртінші рет жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов UFC турниріндегі кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Рахмонов Лас-Вегаста америкалық Нил Магнимен жұдырықтасты. Қазақстандық спортшы жекпе-жектің екінші раундының соңында қарсыласын тұншықтыру арқылы жеңді. Қарсыластар жартылай орта салмақ дәрежесінде күш сынаған болатын.

Рахмонов бірінші раундта қарсыласына көп соққы жасап, физикалық жағынан да өзінің әлдеқайда мықты екенін көрсетті.

Екінші бес минуттық кезеңде Рахмонов күш жағынан басымдық танытып, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Нәтижесінде раундтың аяқталуына үш секунд қалғанда ол Магниді тұншықтырып, жеңіске жетті.
26 маусым 2022 ж. 1 152 0