Головкин "Канело" туралы ешкім күтпеген шындықты айтты

"Ол мені шынымен, алаңдатпайды, ол туралы ойламаймын. Қайда және не істеп жүргені маңызды емес. Адамдар "Канелоға" тым көп назар аударып, асыра мақтап жіберген. Оның статистикасына қараңыздар: маған қарағанда жеңілісі көп. Осы жағынан адамдар көктен жерге түсіп, оны өздерімен бірге ала түссін.
РЕКЛАМА
Нью-Йорк және Лос-Анджелестегі екі баспасөз қызметі екі түрлі болғанын байқаған боларсыздар. Оның жекпе-жекке ешқандай жоспары жоқ деп айта аламын. Әйтеуір бір агрессиясы бар, алайда, не істеп жүргендерін өздері нақты білмейді. Көреміз", - деді Головкин Independent басылымына.