Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин-Альварес кездесуіне дайындық жүріп жатыр

Головкин-Альварес кездесуіне дайындық жүріп жатыр

Тура 10 күн қалды. Головкин мен Альварес қыркүйектің 18-і күні кезекті рет, яғни, үшінші рет өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Хабар 24» жазды. Жекпе-жек кеші Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да болады. Қазір қос боксшы соңғы дайындықты пысқытап жатыр. Бұған қоса, тараптар арасында ақпараттық текетітірес те күшейді. Мәселен, мексикалық боксшы Головкинді екіжүзді деп айыптаса, жерлесіміз Альварес өз деңгейіне сай емес деп санайды. Жекпе-жек алдында әлемдегі ең табысты 10 боксшының тізімі жарияланды. Онда Канело 6-шы сатыда тұр. Яғни, мексикалық спортшы биылдың өзінде 180 миллион доллар тапқан.

Ал, Генадий Головкин бұл рейтингке ілікпеді. Сәйкесінше, жалпы кірісі жайында да ақпарат жоқ деген сөз. Белгілісі алдағы кездесуден қос боксшы кемі 80 млн доллар көлемінде табыс табады. Бұған қоса, орта салмақтағы WBA, WBC, WBO және IBF чемпиондық белбеулері сарапқа салынады. Айта кетейік, қазақстандық және мексикалық боксшылар арасындағы бірінші жекпе-жек тең нәтижемен аяқталса, екіншісінде «Канело» жеңіске жеткен еді.
09 қыркүйек 2022 ж. 1 780 0