Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Головкин әлемнің үздік боксшылары рейтингінде көтерілді

Головкин әлемнің үздік боксшылары рейтингінде көтерілді

BoxRec салмақ категорияларынан тәуелсіз (pound-for-pound) әлемнің үздік боксшыларының жаңа рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Генадий Головкин Саул "Канело" Альвареспен үшінші мәрте айқасқанға дейін тізімде сегізінші орын алған. Қазақстандық боксшы мексикалықтан жеңілгеннен кейін бірден үш сатыға көтеріліп, бесінші орынды иеленді.

Аталмыш жеңісті қанжығасына байлаған Альварес әлемнің ең үздік боксшысы болып, тізімді бастап тұр.

BoxRec-тің жаңа рейтингі:

1.Сауль "Канело" Альварес (Мексика)

2.Дмитрий Бивол (Ресей)

3.Теренс Кроуфорд (АҚШ)

4.Александр Усик (Украина)

5.Геннадий Головкин (Қазақстан)

6.Энтони Джошуа (Ұлыбритания)

7.Эррол Спенс-кіші (АҚШ)

8.Наоя Иноуэ (Жапония)

9.Шакур Стивенсон (АҚШ)

10.Деонтей Уайлдер (АҚШ)

19 қыркүйек 2022 ж. 370 0