Қазақстандық боксшы АҚШ-та әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Бір күн бұрын боксшылар жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Айдос Ербосынұлы соңғы рет рингке бір жылдан астам уақыт бұрын, 2021 жылдың қыркүйегінде шықты. Онда ол Астанада Гайана спортшысы Леннокс Алленмен (22-2-1, 14 КО) жекпе-жек өткізіп, оныншы раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Дэвид Моррельге келетін болсақ, кубалық боксшы маусым айында жекпе-жек өткізіп, төртінші раундта америкалық Келвин Хендерсонды (15-2-1, 11 КО) нокаутқа жіберген еді.
Айта кетейік, Оберхаузендегі бокс кешінің андеркартында қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов (2-0, 1КО) өнер көрсетеді, ол америкалық боксшы Демаркус Лейтонмен (8-3-1, 5 КО) жұдырықтасады. Олардың жекпе-жегі жартылай орта салмақта өтеді және алты раундқа жоспарланған.