Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жылдың үздік жекпе-жегі» атағына ұсынылды

«Жылдың үздік жекпе-жегі» атағына ұсынылды

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) «Жылдың үздік жекпе-жегі» атағына үміткерлерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл тізімге қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек енді, ол бірауыздан қабылданған шешіммен Канелоның жеңісімен аяқталды.

Сондай-ақ тізімге Джермелл Чарло - Брайан Кастаньо, Хуан Франсиско Эстрада - Роман Гонсалес, Эррол Спенс - Йорденис Угас, Себастьян Фундора - Эрик Любин, Кенширо Тераджи - Хирото Киогучидің жекпе-жектері кірді.

Айта кетейік, Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.
02 қаңтар 2023 ж. 1 166 0