Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Канело» қазақ боксшыларын жаттықтырды

«Канело» қазақ боксшыларын жаттықтырды

Екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес қазақстандық боксшыларға әдіс-тәсіл үйретті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Канело» жеңіліп көрмеген қазақстандықтар Бек Нұрмағанбет пен Әбілхан Аманқұлға бірнеше әдісті көрсеткен.

Сондай-ақ мексикалық боксшы қазақстандық жанкүйерлерге сәлем жолдады.

«Барша қазақстандық жанкүйерлерге сәлем. Сіздерді құшақтадым. Достарыңыз - «Канело», деді Альварес Suleimen Promotions Instagram-парақшасына жарияланған видеода.



Фото: massaget.kz
24 ақпан 2023 ж. 932 0