Аралдық 7 спортшы Азия чемпионы атанды

Жарысқа қатысқан спортшыларымыздың 7-еуі алтын медаль иеленсе, 1-еуі қола жүлде иегері атанды. Атап айтар болсақ, жасөспірімдер арасында Ғалымжанұлы Диас, Серікбай Бақытжан, Мұхтарұлы Жансүйен, Өтебай Мансұр, жастар арасында Әзизуллаев Бағдаулет, Болатбекұлы Дінислам, ересектер арасында Сауытбаев Фараби Азия чемпионы атанды. Ал, Кемалов Нұралы жастар арасында жарыстың қола жүлдесін қанжығасына байлады.
Спортшыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, Әлем чемпионаттарының жеңімпазы атануларына тілектестік білдіреміз.

