Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдықтар Азия чемпиондарын ыстық ықыласпен қарсы алды

Аралдықтар Азия чемпиондарын ыстық ықыласпен қарсы алды

Қырғызстан республикасы, Ыстықкөл облысында «Унифайттан» өткен Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері туған жерге оралды.
Елдің даңқын асқақтатқан спортшыларды аралдықтар орталық алаңда қарсы алды. Жас өрендерді арнайы күтіп алған аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Б. Махатов:
- Азия құрлығындағы мемлекеттердің мықты спортшылары бақ сынасқан сайыста барлық қарсыластарыңыздан басым түсіп, чемпион атануларыңыз біз үшін зор мақтаныш. Осы ретте, жастарды бала күнінен спортқа баулыған жаттықтырушыларына шынайы алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да әлемдік додаларда еліміздің көк туын желбіретер үздік спортшы атануларыңызға шын жүректен тілектеспін, - деп жас спортшыларға ақжарма лебізін білдірді.
Чемпиондарды қарсы алуға жиналған жанкүйерлер мен ауданның белсенді жастары жеңімпаз атанған спортшыларға айрықша құрмет көрсетті.
"Толқын" ақпарат
18 тамыз 2023 ж. 428 0