Аудан спортшылары жеңіс төрінде

Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының бұқаралық спорттық іс-шаралардың 2023 жылға арналған күнтізбелік жоспарына сәйкес 27 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Шиелі ауданында ауыл спортшыларының дәстүрлі "Алтын күз" спартакиадасы өтіп жатыр. Осы тұста турникке тартылудан Арал ауданы спортшыларының командасы 1 орын иеленіп, көпті қуантқан болатын.
Сонымен бірге атаулы спартакиадада үстел теннисінен де аудан спортшылары командалық есептен 1 орын иеленді.
–Бүгінде үстел теннисі елімізде кең тараған ойындардың қатарына еніп отыр. Бұл ойын спорттық қимыл-қозғалысты қажет етеді, сонымен бірге шапшаңдық пен ептілікке үйретеді. Жалпы өзім 6 сынып оқып жүргеннен бастап бұл спорт түріне қызығып, айналыса бастадым. Түрлі додаларға шығып, жеңістерге жетіп келемін. Қазіргі таңда ауданда үстел теннисінен жаттықтырушы болып жұмыс істеймін. 12 баланы бұл спорт түріне баулып, түрлі белестерді бағындыруға ықпал етудемін,–деді спартакиада қатысушысы Нұрталап Қуаныш.
А.НҰРЛАНОВА