Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Олимпиада-2018: Бүгінгі жарыстар кестесінде өзгерістер орын алды

Олимпиада-2018: Бүгінгі жарыстар кестесінде өзгерістер орын алды

ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Пхенчханда қатты жел соғып тұр. Соған байланысты тау шаңғысының жарыстары кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін аталған спорт түрінен ел намысын қорғап жатқан қазақстандық спортшы Мария Григорова жарыс жолына шығуы тиіс болатын.
Алайда, ауа райының қолайсыздығына байланысты Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті жарыс кестесін 16 ақпанға ауыстырды. Отандасымыз кешегі жоспар бойынша бүгін Астана уақытымен 10:15 іріктеу сынына, ал одан сүрінбей өтсе 15:45-те финалдық сында өнер көрсетуі керек болған.
Сонымен, бүгін қазақстандық спортшылар Пхенчхан Олимпиадасында тек екі спорт түрінен сынға түседі. Олар биатлоншылар мен конькишілер.
inform.kz
14 ақпан 2018 ж. 1 357 0