Рамзан Кадыров Головкин жайында пікір білдірді

"Сіздердің боксшыларыңыз - әлем чемпионы, ол өзін осындай деңгейге көтеру үшін бар жанын салды"- деді Рамзан Кадыров
–Мен балалық шағымнан боксқа қатты қызықтым, әлі де жақсы көремін. Мен үшін ең дарынды адам ол - спортшы. Спортшыларды қатты құрметтеймін. Себебі олар жеңіске үлкен еңбектің нәтижесінде қол жеткізеді. Головкин мен үшін әлем чемпионы және сол атаққа лайықты. Ол өзін осындай деңгейге көтеру үшін бар жанын салды.
Сондай-ақ Қазақстанда тек бокстың ғана емес, дзюдоның да қарқындап дамып келе жатқандығын байқайтындығын айтады Шешенстан Республикасының президенті.