БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ВЕЛОШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ

Шараға таңертеңнен көліктерін сайлап, спортты серік етіп келген 100-ге жуық тұрғындар мен белсенді жастар қатысты.
Велошеруге қатысушылар Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының өсіп-өркендеп, гүлдене беруіне тілектес екендіктерін жеткізді. Сонымен қатар, күнделікті өмірде велосипедпен жүрудің адам денсаулығына тигізер септігі мол екендігін айтып, салауатты өмір салтына баулитын шараның ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдірді.