Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Асхат Ахановты еске алуға арналған республикалық турнир өз мәресіне жетті

Асхат Ахановты еске алуға арналған республикалық турнир өз мәресіне жетті

2011–2012 ж.т. ұлдар және 2014–2015 ж.т. қыздар арасындағы волейболдан Асхат Ахановты еске алуға арналған республикалық турнир өз мәресіне жетті.
Арал ауданы әкімдігінің қолдауымен және марқұм А.Ахановтың отбасы және жолдастарының демеушілігімен өткізілген жарыс бірнеше күнге созылып, қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер командалар Арал ауданы әкімдігінің тиісті дәрежелі дипломдары, сондай-ақ демеушілер тарапынан ұсынылған кубоктары, медальдары және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, жарыс барысында Асхат Ахановтың бауырлары мен достарының атынан жан-жақтан келген команда жетекшілері мен жаттықтырушыларына ауыз ашар дастарханы жайылды.
Жарысқа Шымкент қаласының, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облысының барлық аудандарынан келген, барлығы 26 команда қатысты (300 жуық жасөспірім).

Тартысқа толы ойында көпшілік көзайымына айналған ерлер және қыздар командаларындағы ойыншылар түрлі номинациялармен марапатталып, көпшілік құрметіне бөленді.

Қыздар командаларының жүлделі орындары:

III орын – Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы

II орын – Ақтөбе облысы, Алға ауданы

I орын – Ақтөбе қаласы, “Lifestyle” командасы

***

Ерлер командаларының жүлделі орындары:

III орын – Атырау облысы

II орын – Арал ауданы

I орын – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы командасы

Аталған турнир жас спортшылардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, бұқаралық спортты дамытуға, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге және Асхат Ахановтың жарқын есімін ұлықтауға бағытталған тағылымды әрі мазмұнды спорттық шара ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

02 наурыз 2026 ж. 55 0