Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада бокстан ел чемпиондары анықталды

Қызылордада бокстан ел чемпиондары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласында Қазақстан спартакиадасы өтті. Бокс сайысында көбіне жас спортшылар жеңіске жетті.
Жалпы, 7 күнге созылған жарыста 146 боксшы өнер көрсетті. Олардың арасында бұған дейін ел чемпионаттарында чемпион болған және жүлдегер атанған Ілияс Сүлейменов, Жомарт Ержан, Ерік Әлжанов секілді танымал спортшылар да жетерлік. Турнирдің ең үздік боксшысы атағын Айбек Оралбай жеңіп алды. V Спартакиаданың үздік төрешісі атағын Азамат Жақиянов иеленді. 

Сонымен, Спартакиаданың нәтижесі мынандай:
49 келі:

I. Асхат Жүсіпов (Нұр-Сұлтан);
II. Жомарт Ержан (Түркістан облысы);
III. Жандос Несіпжан (Алматы облысы), Ермек Мәдиев (Жамбыл облысы).
 
52 келі:
I. Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы);
II. Евгений Павлов (СҚО);
III. Абай Қуандыков (Ақтөбе облысы), Азат Махметов (Нұр-Сұлтан).
  
56 келі:
I. Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау);
II. Ілияс Сүлейменов (Нұр-Сұлтан);
III. Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы), Нығметолла Молдашев (ШҚО).
 
60 келі:
I. Саматәлі Төлтаев (Маңғыстау);
II. Әділет Құрметов (ШҚО);
III. Ерсұлтан Болат (Ақмола облысы), Серік Теміржанов (Павлодар облысы).
 
64 келі:
I. Ділмұрат Мижитов (Алматы);
II. Нұржан Мақашбаев (Алматы облысы);
III. Сабыржан Бекбергенов (Ақмола облысы), Сабыржан Әбілов (Қызылорда облысы).
 
69 келі:
I. Талғат Шәйкен (Ақмола облысы);
II. Аятолла Тәкіжанов (Павлодар облысы);
III. Станислав Цой (Жамбыл облысы), Канағат Маралов (Нұр-Сұлтан).
 
75 келі:
I. Тимур Нұрсеитов (Нұр-Сұлтан);
II. Ермахан Жәкпеков (ШҚО);
III. Ерсұлтан Советов (Карағанды облысы), Амандык Манашев (Атырау облысы).
 
81 келі:
I. Нұрбек Оралбай (Нұр-Сұлтан);
II. Ерік Әлжанов (Манғыстау);
III. Қуандык Жүсіп (Қызылорда облысы), Дінслам Әбдешов (Түркістан облысы).
 
91 келі:
I. Айбек Оралбай (Нұр-Сұлтан);
II. Онталап Рахманов (Қызылорда облысы);
III. Бекзат Нұрдәулетов (Маңғыстау), Абзал Құттыбеков (Түркістан облысы).
 
+91 келі:
I. Нұрболат Сермаханов (Нұр-Сұлтан);
II. Сержан Сейтімбетов (Ақтөбе облысы);
III. Данил Семёнов (Қостанай облысы), Нұрсұлтан Аманжолов (Жамбыл облысы).
https://baq.kz
08 мамыр 2019 ж. 830 0