Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жібек Құламбаева Қытайдағы турнирдің чемпионы атанды

Жібек Құламбаева Қытайдағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Баотоу қаласында өткен ITF W50 сериясындағы турнирдің жұптық сынында бас жүлдені иеленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Турнирдің шешуші матчінде Құламбаева ресейлік Екатерина Рейнгольдпен бірге Дилетта Черубини (Италия) және Ченги Юань (Қытай) жұбын қапы қалдырды. Кездесу барысында қазақстандық-ресейлік тандем кортта толық үстемдік орнатып, қарсыластарын 6:1, 6:1 есебімен тас-талқан етті.
Фото: ҚТФ
26 сәуір 2026 ж. 32 0