Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қорқыт ата университетінің КВН командасы республикалық турнирде үздік өнер көрсетті

Қорқыт ата университетінің КВН командасы республикалық турнирде үздік өнер көрсетті

Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту мен жастар бастамаларын қолдауға ерекше мән беріледі. Бүгінде университетте түрлі бағытта жұмыс істейтін 20 жастар ұйымы белсенді қызмет атқарып келеді.
Сол ұйымдардың бірі – студент қыздардан құралған «Матриархат» жайдарман командасы. Қосшы қаласының туған күніне арналған республикалық «Туған күніңмен, Қосшы!» мерекелік жайдарман ойынына қатысып, елдің әр өңірінен келген үздік командалармен бірге өнер көрсетті. Өздерінің тапқырлығы мен сахна мәдениетін көрсеткен университет жастары көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, мерекелік іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты.
Шара қорытындысында Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев «Матриархат» командасын мерекелік іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапаттады.
kyzylorda-news.kz
25 шілде 2026 ж. 32 0