Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлем чемпионына пәтер сыйлады

Әлем чемпионына пәтер сыйлады

Қазақ қыздары арасынан дзюдодан тұңғыш әлем чемпионы атанған оралдық Фатима Сұпығалиеваға Батыс Қазақстан облысының әкімі пәтер сыйлады.

Әлем чемпионына пәтер сыйлады
Оралда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында ел чемпионаты басталды. Осы дүбірлі доданың ашылу сал­танатында кеше ғана Эквадорда өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында чемпион атанған жас чемпионға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төре­ғалиев пәтер кілтін табыс етті.

Тарихи жеңісі үшін Фа­ти­маға 3 млн теңге көлемінде сыйақы қоса берілді. Сондай-ақ чемпион­ды әлемдік додаға дайындаған бапкерлері Алтынбек Сұпығалиев пен Ерлан Оңаловқа 1 млн теңге көлемінде сыйақы табысталды.

Ақпарат көзі: egemen.kz
03 қыркүйек 2026 ж. 36 0