Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокс Олимпиада бағдарламасында қала береді - АІВА

Бокс Олимпиада бағдарламасында қала береді - АІВА

Халықаралық бокс қауымдастығының (АІВА) президенті қызметін уақытша атқарушы Мохамед Мустахан Лозаннада ХОК өкілдерімен кездесу өткізіп, бокстың Олимпиада бағдарламасында қалатынына сенім білдірдіАІВА мен ХОК өкілдерінің кездесуі ХОК-тің АІВА ісі бойынша түбегейлі шешім шығарарынан екі күн бұрын өткен.  2018 жылдың қарашасында ХОК АІВА-дағы басқару, қаржылық бөлім және төрешілікке қатысты алаңдаушылық білдіріп, тексеру комитетін құруға бастама білдірді. Ненад Лалович басқаратын комитет аталған іске байланысты нақты әрі соңғы баяндаманы 22 мамыр күні Атқарушы кеңес отырысында баяндайды.  Болжам бойынша, ХОК АІВА-ға санкция салуы мүмкін. ХОК АІВА-ны танудан бас тартып, АІВА келесі жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу турнирін өткізу құқығынан айырылады деген болжам бар.  "Бүгін біз ХОК тергеу комитетімен жақсы кездесу өткіздік. Біз өз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Енді болашаққа сеніммен қарап, бокс Олимпиадаға бағдарламасында қалады деген үміттеміз", - дейді Мустахан.
21 мамыр 2019 ж. 734 0