Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ESPN сарапшысы Данияр Елеусінов туралы пікір білдірді

ESPN сарапшысы Данияр Елеусінов туралы пікір білдірді

ESPN арнасының америкалық танымал журналисі Стив Ким жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО) соңғы жекпе-жегіне қатысты пікір білдріді,Өткен демалыста АҚШ-тың Оксон-Хилл қаласында Елеусінов төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен чилилік Луис Норамбуэнаны (3-2-1, 0 КО) жеңді. Бұл қазақстандықтың кәсіпқой рингтегі жетінші жеңісі.  "Бұл Елеусіновтің жақсы жекпе-жегі деуге болады. Жақын қашықтықтан жұдырықтасудан қорықпай, іске кірісті. Әзірге кәсіпқой боксқа икемделу қиындау болып тұр, бірақ, таланты бар", - деп жазды Ким твиттер желісінде. 
Қазақстандық боксшының менеджері Зия Алиев Елеусіновтің келесі жекпе-жегі 27 шілдеге жоспарланғанын хабарлады. Кездесу Техаста өтпек.
https://kaz.tengrinews.kz
27 мамыр 2019 ж. 583 0