Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейбіт Шүменов ресми түрде әлем чемпионы атағынан айырылды

Бейбіт Шүменов ресми түрде әлем чемпионы атағынан айырылды

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) мамыр айының қорытындысы бойынша барлық салмақ дәрежесінің жаңартылған рейтингін жариялады, Қазақстандық Бейбіт Шүменов жаңа нұсқада бірінші ауыр салмақтағы WBA-дың "тұрақты" чемпионы атағынан айырылды.  Бұл титулдың жаңа иегері француз боксшысы Арсен Гуламирян болды, онымен бірге Шүменов титулын қорғау үшін жекпе-жекке шығу керек болған, бірақ жарақаты салдарынан өткізе алмады. Бейбіт алған жарақатына байланысты кездесуге дайындалуға мүмкіндігі болмағаны белгілі, себебі бұл туралы WBA өкілдері хабарлаған.  Енді Шүменов ресми түрде "демалыстағы чемпион" атанды. Рингке оралған жағдайда ол титулын қорғауға жекпе-жек өткізе алады.
https://kaz.tengrinews.kz
01 маусым 2019 ж. 625 0