Қанат Ислам мен оның қарсыласы салмағын өлшеді
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам мен (25-0) оның қарсыласы доминикандық Хулио де Хесус ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Кештің басты кездесуінде олар жартылай салмақта WBO Inter-Continental титулы үшін кездесетін болады,
Екі спортшы да өздерінің жеңісіне баға беріп, жақсы бокс кеші болатындығына сенім білдірді.
«Ертең ұмытылмас әлемдік бокс кеші болады деп ойлаймын. Осы кездесуге жаңа бапкеріммен ұзақ дайындалдым. 1 жылдан астам уақыт жарақытымнан емделдім. Енді бұл кешке мен дайынмын. Иә, қарсыласым оңай емес, оның рекордтары менікінен көп, бірақ мен өз халқыма жақсы жеңіс сыйлағым келеді», - деді Қанат Ислам.
Оның қарсыласы Хулио де Хесусте өзінің дайын екендігін жеткізді.
«Иә, мен барлығына дайынмын. Көп сөйлегім келмейді. Өз күшімді рингте көрсетемін. Мен одан қорықпаймын. Жеңіске жететініме сенімдімін», - деді Хулио де Хесус.
Өз кезегінде Qazaq Promotions компаниясының атқарушы директоры Азамат Мәди барлығына сәттілік тілеп, қолдау көрсетіп отырған отандастарымызға алғысын білдірді.
Бұл баспасөз брифингінен соң барлық боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Айта кетсек, ертең, 5 шілде Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бокс кеші өтеді. Басталуы 17:20-да. Бұл шара барысында жалпы саны 10 кездесу өтіп, оның 3-еуі титулдық болмақ. Жарысты Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Qazaq Promotions компаниясы ұйымдастырды.
Турнирдің файт-карды
Титулдық жекпе-жектер:
72,6 кг
Қанат Ислам (25-0) – Хулио де Хесус (27-1)
69,8 кг
Мадияр Ашкеев (12-0) – Игорь Фанян (16-20-3)
61,2 кг
Абылайхан Құсайынов (10-0) – Гарник Арутюнян (3-1)
+91 кг
Руслан Мырсатаев (5-0) – Дэнни Уйльямс (53-26)
64 кг
Асқар Ерубек (0-0) – Андрей Сталярчук (11-33-6)
+91 кг
Нұрсұлтан Аманжолов (0-0) – Павло Кроленко (1-2)
74 кг
Арман Рысбек (5-0) – Денис Чечета (9-13-2)
70 кг
Берікбай Нұрымбетов (3-0) – Карен Аветисян (9-24-4)
57 кг
Бексұлтан Раушанов (4-1) – Аскар Рагимов (3-2)
72,6 кг
Сапарбай Айдаров (2-0) – Владислав Танцюра (2-2)