Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қазақстандық сазгер әлемдік ірі футбол додасының ашылуына музыка жазды

Қазақстандық сазгер әлемдік ірі футбол додасының ашылуына музыка жазды

Қазақстандық сазгер, музыка әрлеушісі, продюсер Сырым Нәбиқұлов әлемге танымал Бавария, Реал, Фенербахче, Тоттенхэм футбол командаларының қатысуымен Германияда өтіп жатқан" Audi Cup 2019" турнирінің ашылу салтанатының музыкасын жазды. Сазгерден бұндай жобаға ұсынысты қалай алғанын және қаламақсы қанша болғанын сұрады.

"Маған досым Денис Дору хабарласты. Ол сол жобаның бас режиссері,  барлық қойлымдар мен биді қоятын адам. Мені сазгер әрлеуші ретінде салтанатты жиынға ән жазуымды сұрады. Содан осы жоба  бойынша бір ай көлемінде жұмыс жасадық. Досым қойылым мен биге жауап берсе мен ән жаздым", - деп «Audi Cup 2019» турнирінің әнін жазу қалай бұйырғанын айтты.
Осы жобаға шақырған досының да жай адам емес екенін айтқан ол досымен жұмыс істегеніне қуанышты. 
"Осы тұста досым туралы ақпарат бере кетейін. Ол-биші, хореограф, қоюшы режиссер. Майкл Джексон мен Уитни Хьюстонның хореографының шәкірті. Сондықтан оның тәжірибесі өте мол. Сол үшін қазіргі таңда осындай үлкен шоуларды ұйымдастырады. Жобаның мінсіз өту үшін мені композитор ретінде арнайы шақырды", - дейді сазгер. 
"Ән жазу барысында қиындық болған жоқ. Әннің негізі алдын ала жазылып қойған еді. Аллаға шүкір бәрі жеңіл әрі оңай болды. Бір ай көлемінде жазып шықтық. Оның үстіне маған бишілердің қойылымын бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп берді. Күнде скайп арқылы сағаттап сөйлесіп, ақылдасамыз. Осылай ән туды. Жаратушы өзі көмектесті", - деп бір ай ішінде жазылған әннің тарихын айтты.

Осында ірі жобаға ән жазу оңай емес. Қаламақы қанша төленді деп сұрағанымызда:
"Өкінішке орай мен бұл ақпаратты айта алмаймын. Құқығым жоқ. Ұйымдастырушылар тарапынан қойылған талап", - деп қысқа жауап берді. 
Айта кетейік, Бұл футбол турнирі екі жылда бір рет өткізіледі. Турнирге әлемнің 200 елінен 1 млрд-тан астам адам келеді деп жоспарланған. Нәбидің үлкен масштабта жазып тұрған туындысы жалғыз бұл емес. Бұған дейін жүзеге асырған ірі жобалардың бірі 2017 жылы Алматыда өткен Универсиада спорт жарысының ашылуы салтанатының қойылымын дайындаған еді.

https://stan.kz 

01 тамыз 2019 ж. 1 138 0