Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Жеңілмеген қазақстандық Данияр Елеусінов келесі кездесуін күздің алғашқы айында кәсіби деңгейде өткізеді.

28 жастағы Олимпиада чемпионы Риодың келесі жекпе-жегі туралы жаңалықты кәсіби менеджерлер компаниясындағы істерімен айналысатын Зия Алиев мәлімдеді.
«Данияр 13 қыркүйек күні Нью-Йоркте Madison Square Garden шағын аренасында өнер көрсетеді. Бокс кешінің басты оқиғасы Девин Хейни мен Заур Абдуллаевтың арасындағы күрес болады», - деді Зия Алиев.
Елеусінов 27 шілдеде АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласындағы College Park Center аренасында рингке шығуы керек еді, бірақ оның қатты суықтап ауырғанына байланысты жекпе-жегі тоқтатылды.
https://stan.kz/daniyar-eleusinovtin-kelesi-zhekpe-zheginin-uakiti-belgili-boldi-320442/
08 тамыз 2019 ж. 612 0