Канадалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын «Боратша киіндіріп» қойды

Отандық боксшының қарсыласы Стюард Макклелан (27-3-3, 11КО) екені белгілі болды.
Канадалық боксшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жанкүйерлеріне Жәнібекті таныстырып, 17 тамызда жекпе-жекке шығатынын хабарлаған.
Алайда Стюард өзі жариялаған фотода қазақстандық қарсыласын «Борат» кейпінде көрсеткен екен.
Ал Жәнібек Әлімханұлының командасы болса өтуіне бір апта қалған кездесуге қалай дайындалып жатқанын көрсетті.