"Бұл маған үлкен сый болар еді". Головкин МакГрегормен айқас туралы айтты

"Әрине! Бәрі қалайды! Жеңіл ақша ғой. Бірақ UFC - бөлек әңгіме. Егер мен UFC ережесі бойынша жүрсем, бұл - Конорға үлкен сыйлық болар еді. Ал егер Конор бокс ережесі бойынша жұдырықтасса, ол - мен үшін үлкен сый болар еді", - дейді Головкин.
Айта кетейік, МакГрегор 2016 жылы мамырда кәсіби бокста сынасқысы келетінін мәлімдеген. Бұл мәлімдемеден кейін салмақ санатына қарамайтын америкалық боксшы Флойд Мейвезер-кішімен жекпе-жек туралы сөз болған. 2017 жылы шілдеде бокшылар жекпе-жек туралы келіссөз үргізіп, тамызда жұдырықтасқан. Нәтижесінде Мейвезер жеңіске жеткен.