Ғұн ұлысының ордасы табылды
Әлем тарихында б.з.д IV ғасырда Ғұндар империясы болған. Бұл мемлекетті қазіргі көшпенділер ұрпағы өздерінің ата-бабасы құрған ұлыс деп санайды. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы 209 жылы ұлыс билігі Мөде (қытай деректерінде Маодун) қағанның қолына өтіп, қазіргі Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытайдың солтүстігі мен Ресейдің оңтүстік аумағын қамтыған ірі Еуразиялық мемлекет құрған.
Қытай деректерінде жоғарыдағы көшпенділер мемлекетінің ордасы – Лун-Чен немесе Луут деп жазылып, қала қат-қабат қорғанмен қоршалғандығы, өте үлкен жасанды су қоймасы болғандығы жазылған. Сонымен қатар қорған қақпасына «Тәңірдің ұлы шаньюй» деген жазу бәдізделгені жайлы айтылған. Жазушы-ғалым Қойшығара Салғараұлы бұл жазуды «Тәңірқұты» деп қазақшалағанын білеміз.
Археолог ғалымдар қытай деректерінде сақталған «Луут ордасы Қанғай үстіртінде орналасқан» дейтін болжамға сүйеніп ұзақ жыл іздеді.
Суретте: Ғұн мемлекетінің ордасы Луут қаласының орны
Қызық болғанда өткен аптаның соңында моңғол археологтары Арғы-Қанғай (Архангай) аймағы Өлзиті (Өлзийт) сұмын жерінен Ғұн ұлысының ордасы Луут қаласының орнын таптық деп күллі әлемге жар салды.
Біздің пайым бойынша, қала тағаны табылған орын көне түркілердің құт мекен, қасиетті қонысы Өтукеннің кіндігі, Орхон өзенінің аңғарында жатыр. Бұл өлке көне түркі мұраларының ұйығы істептес. Жаңадан табылған Луут қаласының оңтүстік шебі 80 шақырым жерде Күлтегін ескерткіші тұрса, оған жалғас Білге қаған кешені менмұндалайды.
Нысанға қазба жұмыстарын жүргізген топ басшысы Ұланбатыр универсиетінің жетекші ғалымы Т.Идерқанғайдың айтуына қарағанда, олар әуелі ежелгі қытайдың ханзы жазуы бәдізделген жәдігер тапқан (1-сурет). Осында таңбаланған қимыл әріптерді оқыған мамандар бұл «Тәңірдің ұлы шаньюй» деген сөз екенін анықтаған.
Сөйтіп көне қытай деректерінде, әсіресе ежелгі қытай ғалымы Сыма Цянь еңбектерінде айтылатын ғұндардың ұран-сөзі «Тәңірқұты» атауының бәдізделген нұсқасы табылуына байланысты нысан көшпелі Ғұн империясының астана-ордасы Луут екені анықталған.
syrboyi.kz