Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АРАЛДАҒЫ ҰЛЫС ТОЙЫ

АРАЛДАҒЫ ҰЛЫС ТОЙЫ

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі – ата –баба дәстүрінің қайта түлейтін мейрамы. Бұл күні Арал қаласында ұйымдастырылған шарада ұлттық құндылықтарымыз саналатын салт-дәстүрдің алтын жауһарларынан көрініс көрсетілді. «Шыр» етіп бала өмірге келген сәттен бастап жасалатын қазақы жөн-жоралғылар көрсетілеген қойылымда  балаға азан шақырылып ат берілді. Сондай – ақ, бесікке салу дәстүрі де жас ұрпаққа таныстырылды.
 Бұдан бөлек, мерекелік шарада желмаяға мінген Қыдыр ата ортаға шығып, аралдықтарға ақ батасын берді.  
Осылайша, Ұлы мереке күні Арал аспаны әуезді ән мен күмбірлі күйге бөленді.
21 наурыз 2018 ж. 2 079 0