Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастарға берілетін пәтер бойынша құжат тапсыру жеңілдеді

Жастарға берілетін пәтер бойынша құжат тапсыру жеңілдеді

27 қарашада “Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй” бағдарламасына қатысуға құжаттар тапсырған азаматтар арасында толық емес құжаттар пакетін жіберген қатысушылар өз өтінімін түзете алады, – деп хабарлайды massaget.kz
“Бүгінгі таңда 6 304 өтінімнің 2 157-і құжаттар пакетін толық ұсынбау себебінен пысықтауға қайта жолданады. Smart Astana порталында тіркелу кезінде көрсеткен телефон нөміріне өтінім мәртебесі туралы “Жұмысқа қабылданды”, “Түзету қажет”, “Қараудан бас тартылды” деген SMS хабарлама жіберіледі” делінген хабарламада.
Егер өтінім түзетуге жіберілсе, бірақ қатысушы осы уақыт ішінде тізбе бойынша жетіспейтін құжатты қоспаса, құжаттардың толық емес пакетін ұсыну себебі бойынша өтінім автоматты түрде қабылданбайды.
“Құжаттарды баяндау қажеттігі туралы SMS хабарлама жіберілгендер үшін 26 қарашадан бастап сағат 10.00-ден 23.59-ге дейін қоса берілетін құжаттардың жетіспейтін тізбесімен танысу үшін Smart Astana порталындағы жеке кабинетке кіру және 27 қараша күні сағат 00.00-ден 23.59-ге дейін өтінімді түзету мүмкіндігі беріледі. Егер өтінім жұмысқа қабылданғандығы туралы хабарлама жіберілсе, бірақ қатысушы қосымша құжаттарды қосқысы келсе, ол жағдайда да өтінімді түзету мүмкіндігі беріледі” делінген хабарламада.
Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты “Қараудан бас тартылды” деген SMS хабарлама алғандар порталдан оған не себеп болғанын жеке кабинетінде таныса алады. Олар өтінімді түзете алмайды.
“Өтінімді түзету үшін мына сілтеме бойынша Smart Astana порталындағы жеке кабинетке кіру керек. Түзету кезінде өтінім берілген күн өзгермейді” делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, қараша айының басында елордада жастарға арналған жалдамалы пәтерлерді беруге өтініш қабылдана бастады.

27 қараша 2019 ж. 425 0