Қызылордада жүрек операциясына бұзау тіні пайдаланылды

Бұған дейін мұндай операцияларда шошқа тіні пайдаланылып келген екен. Аяғы ауыр әйелдің өміріне қауіп төнгесін оның жүктілігін тоқтатуға тура келді.
«Дегенмен 4 сағатқа созылған операция сәтті шықты», – дейді алматылық мамандар.
Облыстық кардиологиялық орталықтың 10 жылдығына Алматыдан келген дәрігерлер сырқаты ауыр 4 адамға ем-шара жүргізді. Жалпы Сыр өңірінде 2009 жылы ашылған кардиоорталықта 4 мыңдай науқасқа стенд, 12 мың адамға коронаграфия қойылып, мың жарымға жуық күрделі операция жасалды.
«Операцияны жүрек пен өкпенің жұмысын тоқтатып жасайды. Одан кейін 1 күн реанимацияда, 7 күн стационарда болады да үйіне шығарылады. Жүрек-тамыр ауруы жасы келген адамдарда жиі байқалады. Қазіргі кезде 75-80-нен асқандардың 80% біздің науқастар», - дейді Алматы қалалық кардиология орталығының бөлімше меңгерушісі Нұрсан Сұрашов.