Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Робототехника – ел дамуының басты саласы

Робототехника – ел дамуының басты саласы

Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекет құрудағы бірегей бай тәжірибеміз арқылы, біз жаңа кезеңге енеміз» деп атап өтті. Шындығында, біздің басты күшіміз – бірлікте. Сондықтан қандай қиындықтар кездессе де, еңсеретініміз анық. «Сандық Қазақстан» бағдарламасы осындай дамудағы кезекті қадамды бағындыруға мүмкіндік бермек. Бұл – маңызды кешенді міндет. Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Елімізде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да салаларды дамыту жолға қойылуда.
О.ЖОЛДАСОВ

Экономиканы ілгерілетіп, дамыған елдердің қатарынан табылу және сыбайлас жемқорлықпен күресті нәтижелі ету үшін осы салаға терең көңіл бөлу керек. Қоғамдық саланың барлығын ақпараттандыру, оқу үдерісін қарқынды ету негізгі жалпы білімді жаңғыртып, оның рөліне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты экономиканың орнықты дамуы үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту болып табылады. Осыған байланысты оқушыларға ғылымитехникалық білім берудің робот техникасы сияқты саласының өзектілігі артады. Робот техникасы саласын оқыту – оқушының ойлау қабілетінің артуына себепші күш. Осының негізінде оқушы математика, физика, информатика және басқа жаратылыстану-ғылыми бейіндер пәндерінде алған білімдері мен дағдыларын интегралдай отырып, роботты техниканы, инженерлік дағдыны қалыптастыруға және технологияны оқып үйренуге деген мүмкіндігі жоғары. Сонымен қатар жоғары технологияға толы өмірге баланы дайындау тәсілі. Өсіп келе жатқан жас буынмен бірге еліміздің робототехника саласы да бой көтеруде. Бір кездері өзіміз армандайтын дүниені оқушылар меңгеріп келеді. Адамның қызметін атқаратын роботтарды көретін күн де алыс емес сияқты. Тіпті роботтар бүгінгі күннің өзінде өмірдің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да салаға еніп үлгерді. Білім беру саласына енген бұл бағыттан күтеріміз әлі де көп. Солай болуға тиісті де. Білім беретін мұғалімдердің сауаттылығы мен біліктілігі қашанда басты назарда ұсталуы керек. Сол себепті мұғалімнің робот техникасы құралдарын қолдану саласында ақпараттық және техникалық сауаттылығын дамыту, әлеуетін, саладағы кәсіби құзыреттілігін арттыру, роботты техниканы оқыту мүмкіндіктерін қолдану және оқушылардың ғылыми-техникалық салаға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Білім беру ұйымдарындағы роботты техника» тақырыбында семинар өтті. Педагогикалық қызметкердің біліктілігін арттыру институтының инновациялық білім беру және ақпараттық технология кафедрасының жоспарына сәйкес өткен бұл семинарға Арал көпсалалы колледжінің информатика пән мұғалімі Зәмзәм Тәжібаева қатысып, баяндама жасады. Баяндама барысында аудандағы роботты техника пәнінің оқытылуы жоғарғы деңгейде жүргізіліп жатқаны көрініс тауып тұрды. Семинар соңында қатысушыларға Алғыс хат пен Сертификат табысталды

10 желтоқсан 2019 ж. 1 813 0