Жемісті жыл тағы да жалғасады

Ардақты ағайын! Құрметті жерлестер! Тағы бір жылды тарих қойнауына жіберіп, жарқын болашаққа ізгі ниетпен қадам бастап отырмыз. Алдымен табалдырықтан аттап, төрімізге озған 2020 жыл баршаңыз үшін құтты жыл болсын. 2019 жыл теңіз төскейіндегі халық үшін табысты, әрі саяси жаңалықтарға толы жыл болды. Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, тұғырын бекіткен Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз еркімен президенттік өкілеттігін тоқтату туралы тарихи шешім қабылдады. Сондай-ақ, жаңа Президент сайлауы өткізіліп, халық таңдауымен Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Бұл тәуелсіз еліміздің ең елеулі оқиғасына айналды. Өткен жылдың еншісіндегі осы саяси шешімдер мемлекетімізді жаңаша дамытуға серпін берген басты қадам болды деп айта аламыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі қызметке кіріскен соң Үкіметке жаңа міндеттер жүктеп, тұрмыс сапасын арттырудың тың бастамаларын ұсынды. Бұдан бөлек, Президент ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын халыққа жария етті. Жолдауда – бірқатар негізгі әлеуметтік шаралар қолға алынып, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға басымдық берілді. Атап айтсақ, көп балалы аналарды қолдау, атаулы әлеуметтік көмекті арттыру, медицина, білім саласындағы серпінді жобалар осының айқын көрінісі іспетті. Сонымен бірге 2019 жыл «Жастар жылы» болып жарияланғаны белгілі. Ел келешегін қалыптастыратын жастарды жан-жақты қолдау кіші буынға қуат беріп, болашақ иелерінің беделін арттыруға негіз болды. Мемлекет басшысы жастарға жаңа мүмкіндік жасау шараларын биыл да жалғастыру мақсатында 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялап отыр. Яғни бұл азаматтық қоғамды күшейтуге жасалған игі шара деп түсінеміз. Сондықтан «Еріктілер жылында» баршаңызды жұдырықтай жұмылып жұмыс жасауға шақырамын. Құрметті жерлестер! Бұл – тек өткен бір жыл көлеміндегі ең маңызды шаралар. Осындай бастамалардың нәтижесінде ауданда да ауқымды істер атқарылды. Өздеріңіз білетіндей, жылдар жігінде барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есепті кездесуі өтеді. Бұл – атқарылған іске баға беріп, алдағы міндеттерді саралайтын жауапты сәт. Міне, сол дәстүрлі ізбен назарларыңызға аудандағы оң өзгерістерді ұсынамын. Құрметті аудан тұрғындары! Біздің есепті жылымыз Президенттің Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын, мемлекеттік, салалық бағдарламаларды, облыс әкімінің 2019 жылға арналған іс-қимыл жоспары мен «Арал ауданының экономикасын дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған Жол картасын» іске асыруға бағытталды. Жалпы, 2019 жыл аудан халқы үшін өзіндік ерекшелігімен басталды. Өткен жылдың маусым айында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Кесікбайұлы Омаров сол кездегі аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы Көшербаевпен бірге «Көкарал» бөгетінде болып, «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және

(Ескертпе: Есепті баяндамадағы көрсеткіштер 11 айдың қорытындысымен әзірленген. 12 айдың нәтижесімен көрсеткіштерде өзгеріс орын алады).