Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сарытерең»  суға толуда

«Сарытерең»  суға толуда

Бөген ауылдық округі балық шаруашылығын өркендеткен  ауылдардың бірі. Мұндағы жұртшылық теңіз тереңінен су маржанын сүзіп, халық байлығына баланған балықтан ырзық-несібелерін тауып келеді.
Иә, «Сарытерең» деген атпен танылған көл Бөген және Көне Бөген елді мекендерімен шекаралас орналасқан су айдыны. Бір замандарда аталмыш көлдің батыс биігіндегі кеме қатынайтын өзекке ұзындығы 4 шақырым, биіктігі 4,5 метр болатын дамбы соғылып, су айдыны қолдан жасалған деседі. Осы кезге дейін Сырдария өзенінен құйылатын судың мөлшеріне қарай «Сарытерең» көлінің көлемі өзгеріп отырады. 2001-2002 жылдары ауыл тұсындағы айдын көлдің көлемі 1400 гектарға ұлғайып, тұрғындар балық аулауды жолға қойған еді. Алайда, бертін келе, «Тұщы» көлі толмай тұрғандықтан, «Сарытерең» көлі тартылып, көлдің ұлтаны тұзды сорға айналған. Соның салдарынан экологиялық ахуал нашарлап, қатты жел соққан уақыттарда сор араласқан ақ шаңдақ көтерілетін.
-САРАТС жобасы аясында Сырдария өзені арқылы жететін су мөлшерінің көлемін тұрақты ұстап тұру үшін «Ақлақ» су тоспасы тұрғызылды. Жоба жемісін беріп, арнасы қаңсыған көлдерді суландыруға жол ашылды. Соның бірі ретінде 15 жыл бойы кеуіп жатқан «Сарытерең» көлін айта аламыз,-дейді Бөген ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы Аралбай Әлішев.
А. Жайшылық.
          
26 наурыз 2018 ж. 1 632 0