Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ ШАЛҒАЙ ОРНАЛАСҚАН ЕЛДІ МЕКЕН ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ ШАЛҒАЙ ОРНАЛАСҚАН ЕЛДІ МЕКЕН ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгінгі аудан әкімінің есепті кездесуі аудан орталығынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан Атанши ауылдық округінде жалғасын тапты. Есеп беру жиынында ең алдымен ауылдық округтің учаскелік полиция инспекторы мен ауыл әкімі Б.Дәулетжанов «Округтегі 2019 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттері туралы» баяндама жасады.
Қазіргі таңда халық саны 429-ды құрайтын ауыл халқының басты тіршілік көзі мал шаруашылығы болып табылады. Осы орайда, ауыл тұрғындары А.Салимов ірі қара, жылқы малдарын бағу мақсатында, Р.Байболатов өз шаруа қожалығының мал басын көбейту мақсатында, Ж.Арғынов қой санын арттыру мақсатында "Бастау Бизнес" жобасы бойынша «Қызылорда облыстық өңірлік инвестициялық орталығынан» қаржы алып, мал шаруашылығын өрістетуде. Сонымен қатар, ауыл тұрғыны Г.Нұржанова ірі қара мал санын көбейту мақсатында "Арал Ырысы" несие серіктестігі арқылы қаржыға қол жеткізіп, шаруашылығын кеңейтуде.
Осылайша жылды қорытындылаған ауыл тұрғындары одан әрі аудан әкімінің есебін назар қойып тыңдады. Тұрғындар алдында есеп берген аудан әкімі М.Оразбаев өткен жылы атқарылған және алдағы атқарылар жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Есепті баяндамадан кейін әңгіме желісі тұрғындарды толғандырған мәселелерге ойысты.
Сауалдарына жауап алған көпшілік жиын соңында 2019 жылғы атқарылған жұмыстар мен оң өзгерістерге ризашылықтарын жеткізіп, аудан басшысына сәттілік тілесті.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі 
20 қаңтар 2020 ж. 643 0