Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Bek Air апаты: екінші ұшқыш қайтыс болды

Bek Air апаты: екінші ұшқыш қайтыс болды

Kazaknews.kz Алматы әуежайы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы Миржан Молдақұлов қайтыс болды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
54 жаста көз жұмған ұшқыштың 5 қаңтарда ес жиып, жансақтау бөлімінен профильдік бөлімшеге ауыстырылғаны хабарланған. Ол ауруханадан 21 қаңтарда шығарылған.
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, 28 қаңтар кешкі 18.00-де жедел жәрдемге Молдақұловтың жағдайы нашарлағаны жайлы шақырту түскен. Жедел жәрдем дәрігерлері науқастың жүрек қағысын реттеуге тырысқанымен нәтиже болмаған.
27 желтоқсанда таңертең Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы Алматы әуежайына жақын жерге құлап, сол маңдағы үйге соғылған. Ұшақта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. 12 адам қаза тауып, ондаған жолаушы ауруханаға түскен. Мерт болғандар арасында борт капитаны Марат Мұратбаев та болған.
29 қаңтар 2020 ж. 591 0