Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақпарат министрі: Ешкімге жеңілдік жасамаймыз

Ақпарат министрі: Ешкімге жеңілдік жасамаймыз

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ЕАЭО елдерінен жеткізілген көліктерді тегін тіркеу ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар" арнасына сілтеме жасап. 

«Қазақстанның барлық азаматтары көлік тіркеуі үшін ақша төлейді. Мұнда ешкімге жеңілдік берілмейді. Ішкі істер министрлігі зерттеу жүргізіп, бір адамның бірнеше көлік әкелгенін анықтады. Мысалы, Алматы облысының тұрғыны 70 көлік әкелген, Атырау облысының екі тұрғыны 80 көлік жеткізген. Мұны жекелеген жағдайлар деп айтуыңыз мүмкін. Бірақ, жалпы статистикада 500 қазақстандық 5 және одан көп көлік тасыған», - деді министр.
Сөзінше, өзге елден көлік әкелгендер  алғашқыда бұл әрекеттері заңсыз екендігін білген. Десек те соның өзінде олар алған беттерінен қайтпай, енді мемлекетті кінәлап отыр екен. 
«Мұндай көліктердің иелері жүйелі түрде жол ережесін бұзып келген. Шамамен 1 млрд теңгеге құқықбұзушылық тіркелген және оның 90% әлі төленген жоқ. BMW маркалы автокөлік иесі 450 рет ереже бұзған. Құдды бір әдейі жасайтындай. Бұл ретте маңызды шаралар қабылдау қажет. Әрине, үйде отырып сын айту, мемлекетті кінәлау оңай. Бірақ, сол жігіт қаншама кінәсіз адамдардың өмірін қиюы мүмкін еді», - деді Д. Абаев.
Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 24 қаңтар күні өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанның заңнамасына сай келмейтін шетелдік көліктерді елге кіргізбеуді тапсырған еді. Бұған келіспеген щетелдік нөмірлері бар көлік жүргізушілері бірнеше қалаларда бас көтерген. 
07 ақпан 2020 ж. 500 0