Оқушылар Ауған соғысы ардагерлерімен кездесті

"Әрбір ер жүрек, әрбір шыншыл адам өз Отанына абырой әкеледі" десек, өз елінің тыныштығы мен ұрпағының амандығы үшін төсін оққа қарсы қойып, ерлік жасаған батырлар қашанда үлкен құрметке ие. Бүгінгі басқосудың мақсаты жастарды отансүйгіштікке баулу, ерлердің ерлік ісін кеңінен насихаттау.
Кеш барысында ардагерлер майдан даласында көзбен көрген зұлматтары жайлы баяндап, оқушылардың сауалдарына жауап берді.