Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп оқушылары мультфильм құрастырды

Мектеп оқушылары мультфильм құрастырды

tolqyn.kz ХXI ғасыр- жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры. Заман талабына сай жасөспірімдер арасында техника тілін меңгеруді қалайтындар саны күн сайын артуда.
№220 орта мектептің 6-сынып оқушысы Әділбекұлы Алибек пен 11-сынып оқушысы Асылбек Әсел өз қызығушылықтарымен мектеп психологі Құттымұратова Найля мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Досан Әлияның идеясы бойынша мультфильм құрастырып шығарды. Аталған анимациялық туынды "Bilim Foundation" қоғамдық қорынан келген балалар мен жасөспірімдерге арналған "Денсаулық және өмір дағдылары" кітаптар сериясынан "Әлсізді қорға" тақырыбындағы кітапша желісі бойынша құрастырып шықты.
– Менің IT саласына қызығушылығым о бастан болатын. Дегенмен, мультфильм құрастыруға "Қазақстанның 100 жаңа есімі" иегері атанған жерлес әпкем Сымбат Нұртазақызының "Сиқырлы кілт" мультфильмін көруім шабыт бергендей болды. Мен де неге осылай өзім қатарлы балаларға арнап жасап көрмеске деп, Әсел апайыммен бірігіп, қолға алдым"-дейді өз шығармашылығы туралы Алибек.
Алибек пен Әселдің тырнақалды туындысына мектебіміздің 5-8- сынып оқушылары куә болып, өз ризашылықтарын білдірді.
28 ақпан 2020 ж. 1 808 0