Тағы 7 адам: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны сексенге жуықтады

Ведомство мәліметінше, қауіпті індетке тап болған жеті адамның екеуі Алматыдан, ал бесеуі Нұр-Сұлтан қаласынан анықталған.
Сонымен, бүгінгі таңда елімізде коронавирус жұқтырудың 79 дерегі тіркеліп отыр.
Олардың ішінде елордамызда 41, Алматыда 31, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Шымкент қаласында – 1, Жамбыл облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам осы дертке шалдыққан.