Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев елдегі төтенше жағдай режимін тағы ұзартты

Тоқаев елдегі төтенше жағдай режимін тағы ұзартты

BAQ.KZ. Еліміздегі төтенше жағдай 2020 жылғы 1 мамырға дейін ұзартылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
  1. "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамырдағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын
  3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген мемлекет басшысының Қаулысында.
https://baq.kz/news/​​​
15 сәуір 2020 ж. 475 0