Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Салғырттықтың салдары ауыр

Салғырттықтың салдары ауыр

Коронавирустың таралуын үдеткен факторлар таразысының бір ба-сында дүрбелең тұрса, екінші басында бей¬ғамдық пен салғырттық тұр. Дертке шалдыққандардың өз ауруын жасырып қана қоймай, айналасындағылармен бай¬ланысты үзбеуі, ел тұрғындарының мем¬лекет қабылдаған шектеу шаралары мен ескертулеріне құлақ аспауы, халықтың қарапайым гигиена талаптарын орын¬дамауы үлкен қатерге әкеп соғуы мүмкін. Еліміз бойынша жарияланған төтенше жағдай алынып тасталды. Одан бәріміз хабардармыз. Дегенмен бұл эпидемия толықтай ауыздықталды деген сөз емес. Әлемге қатер төндіріп тұрған COVID-19 әлі де болса жаппай күресуді талап ететін індет болып саналады. оған бүгінгі таңда көзіміз анық жетіп отыр. Бұқаралық ақпарат құралдары беттірінен де жиі оқып отырамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің басына түсен ауыр кезеңде бәрімізді бірлікке жақырып ортақ мүдде жолында жұмыла жұмыс жасауға үндеп келде. Әр кезеңде ақпарат құралдары арқылы халық алдына жаңа міндеттер қойып, басшыларға тапсырма жүктеуде. Біз неғұрлым көш басындағы басшымиыздың сөзіне сеніммен ілесіп, талаптарды сақтайтын болсақ қиындықтар да соғұрлым тез аяқталмақ. Соңғы күндері аталған ауруды жұқтырғандар саны республика бойынша ғана емес, аймағымызда да артып кетті. Мұның бәріне өзіміздің салғыртығымыз себеп.
Бұған біздің әрбіріміз жауаптымыз. Айтылған сөзге, бекітілген тәртіпке бағынбасақ, тек өзіміздің ғана емес, өзгеге де зиянымыз тиері анық. Сондықтан уақытша ғана қиындық кезінде көпшілік жиналатын жерлерге барынша бармауға тырысып, той-садақаларды, туған күн мен мерекелік кештерді өткізбеуді баса айтқым келеді.

Ш. Қойшыбаева
зейнеткер
30 маусым 2020 ж. 792 0