Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАУАПСЫЗДЫҚ ЖАРҒА ЖЫҚПАСЫН ДЕСЕК

ЖАУАПСЫЗДЫҚ ЖАРҒА ЖЫҚПАСЫН ДЕСЕК

Еліміз бойынша жарияланған төтенше жағдай алынып тасталды. Одан бәріміз хабардармыз. Дегенмен бұл эпидемия толықтай ауыздықталды деген сөз емес. Әлемге қатер төндіріп тұрған COVID-19 әлі де болса жаппай күресуді талап ететін індет болып саналады. оған бүгінгі таңда көзіміз анық жетіп отыр. Бұқаралық ақпарат құралдары беттірінен де жиі оқып отырамыз.
Соңғы күндері аталған ауруды жұқтырғандар саны республика бойынша ғана емес, аймағымызда да артып келеді. Ресми ақпарат бойынша аудан бойынша аталған дертті жұқтырғандар саны 10-ға жеткенін естідік. Не істемек керек?!
Әрине, бұған біздің әрбіріміз жауаптымыз. Айтылған сөзге, бекітілген тәртіпке бағынбасақ, тек өзіміздің ғана емес, өзгеге де зиянымыз тиері анық. Сондықтан уақытша ғана қиындық кезінде көпшілік жиналатын жерлерге барынша бармауға тырысып, той-садақаларды, туған күн мен мерекелік кештерді өткізбеуді баса айтқым келеді.
Тағы бір айтарым – қазір оқу жылының аяғы. Бұл күн оқушылар мен ұстаздар үшін, әсіресе түлектер мен олардың ата-аналары үшін ең маңызды күн екенін білеміз. Десе де, осындай сын сәтінде сабырға келіп, карантин талаптарын орындауды естен шығармайық. Бұл істе әрбіріміз ата-ана ретінде мойынымыздағы жауапкершілікті арқалай білейік.
ДУАБАЕВА МАЛИКА,
Білім саласының ардагері, қала тұрғыны
27 мамыр 2020 ж. 498 0