Ұлт бірлігін көрсетеді
Қазіргі таңда елде орын алып жатқан жағдай алаңдаушылық тудырып отырғаны жасырын емес. Пандемияның таралу қаупі басылмай отыр. Соған байланысты Мемлекет басшысы 2 апта карантин режимін енгізген болатын. Сондықтан көпшілік барынша үйде болып, карантин тәртібін қатаң сақтап келеді. Оны теледидардан көріп, газеттен оқып жүрміз. Қолдан келгенше тәртіпке бағынғансақ, мамыражай күн де алыс емес.
Індеттің зардабын көргендердің басынан өткен қиындықтарды естігенде, елдің амандығы мен жұрттың тыныштығын әрқашан тілейміз. Тосыннан келген вирустан қаза тапқандарды ести қалсақ, қазақтың басына түскен қайғының салмағын бірге көтереміз. Бір елдің азаматы ретінде баршаның қайғысына ортақтасамыз.
Осы орайда, 8 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандыққа телевизиялық үндеу жолдағанын айтпай кетуге болмас. Халықтың денсаулығына алаңдап, вируспен күресудің түрлі тиімді шараларын қабылдап келген Мемлекет басшысы бұл жолы да қашан да елмен бірге екендігінің тағы бір көрінісін көрсетті. Ел Президентінің үндеудегі «Көптеген елдердегі жағдай бізден де қиын. Дегенмен, «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын» деген сөзі халықтың аурумен күресуге деген жігерін еселей түскендей.
Рас, әдетте кісі өлімі көп тіркелсе, терактілер мен аса көрнекті қайраткерлер өмірден озғанда, өзге де қайғылы жағдайлар кезінде аза тұту күні жарияланады. Міне, бұл індеттің де қармағына ілініп, келмес сапарға аттанған марқұмдарды исі қазақ осылайша еске алмақ. Әркез ұлттың амандығы мен бірлігін тілеген басшының бұл шешімі қайғыдан қамыққан жұртшылықтың көңілін сәл де болса басарын жан-тәнімізбен ұғынамыз. Бұл ұлт бірлігін нығырлай түседі.