Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БАҚЫТ ЖАХАНОВ АРАЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БАҚЫТ ЖАХАНОВ АРАЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов жұмыс сапарымен Арал ауданында болды. Алдымен аудандағы эпидемиологиялық жағдаймен танысып, «А.Байтұрсынов» ауылдық емханасына барды. Емхана ғимаратының бір бөлігі алдағы уақытта ахуал күрделеніп, індетке шалдыққан тұрғындар саны көбейген жағдайда қосымша 100 орындық провизорлық стационар етіп ашуға бейімделуде.
Одан соң облыс әкімінің орынбасары провизорлық стационарда ем қабылдап жатқан науқастармен арнайы кездесіп, хал-жағдайларын біліп, тезірек сауығып шығуларын тіледі.

Орталық жұмысымен танысқан соң дәрігерлерге індетпен күресті күшейту қажеттігін, дәрілік заттар жетіспеушілігін болдырмау, емделушілердің дұрыс тамақтануы сынды қажетті жағдайлардың жасалуы керек екендігін айтып өтті.
Атап өтейік, бүгінде ауданда қауіпті індетке шалдыққан 112 тұрғын нақтыланған болса оның 88-і жазылып шыққан , 16 адам жүйке аурулары диспансерінде емделіп жатса, 8 адам үй жағдайында ем қабылдауда. Ал пневмония бойынша провизорлық режимде 66 тұрғын ем алуда.
Мұнан соң, Евро-фарм» , «Берік», «Қуаныш» медициналық орталығындағы дәріханаларда болып, дәрі-дәрмек қорының жасақталуын сұрады.Дәріханадағы фармацевт мамандар қазіргі таңдағы сұранысқа ие дәрі-дәрмектер мен антибиотиктер қолжетімді бағада сатылып жатқандығын, кезектіліктің азайғандығын мәлімдеді. Сондай-ақ, кейбір дәрі түрлеріне тапсырыс беріліп, жақын күндері жеткізілетінін айтты.


19 шілде 2020 ж. 578 0